Қасиетті Жұма күні ақ тілектеріңіз қабыл болып, адал ниеттеріңіз орындалсын, барлық жақсылық атаулы жаныңыздан табылсын!
Аспанымыз ашық болсын,
Дұшпанымыз қашық болсын,
Елге ырыс-береке қонсын,
Еңбегіміз жемісті болсын,
Күндеріміз жеңісті болсын,
Жүрегіміз иманға болсын,
Көңіліміз нұрға толсын,
Отбасымыз аман болсын,
Бауырларымыз бүтін болсын!
Барлық қиыншылықты жеңуге Алла тағалам күш-қуат пен сабыр берсін! Бес күндік дүниеде жақсы көретін жүрегіңізге жақын жандарыныздың бастары аман болсын, бәле-жаледен аулақ болсын! Дүниенің ашық аспанын, жалғанның жарық күнін, тыныш түнін тілеймін, короновирус деген дерттен Құдайым өзі сақтасын, халқымыздың аман болуын нәсіп етсін! Отбасыларыңызға тек қуаныш тілеймін!
Мұраттарыңыз асыл болсын, қадамдарыңыз батыл болсын, жақсылық жақсылыққа ұлассын!!!